Виктор Кумыков 1963 жылы 12 мамырда Ресейдің Нальчик қаласында дүниеге келген.
Футболшылық мансабында 1981-1987 жылдарда Ресейдің "Ротор" және "Спартак-Нальчик" командасында қақпашы болды.
1995 жылдан бастап бапкерлік қызметінде Ресей, Өзбекстан және еліміздің "Есіл" (Көкшетау), "Елімай" (Семей), "Шахтер" (Қарағанды), "Ордабасы" (Шымкент) және "Атырау" клубтарында еңбек етті.
"Шахтер" командасымен бірге 2011, 2012 жылдарда ел чемпионы атағын жеңіп алды.
Сондай-ақ, оның басшылығымен аталған клуб еліміздің тарихында алғаш рет Еуропа лигасы топтық кезеңінде ойын көрсетті.
"Сыр өңірінің намысын қорғайтын "Қайсар" алдағы жылы жанкүйер сенімін шығуға тырысады. Алғашқы бестікте болуды және Қазақстан кубогына алуға күш салмақ. Сондықтан жаңа футбол маусымына дайындықты ерте бастаймыз. Команда ойыншылары 14 желтоқсанда Түркия еліне аттанады. Онда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізеді", - деді "Қайсар" клубының директоры Садық Мұстафаев.