Қайсар Сұлтанбаев ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство басшысы Марат Ахметжанов министрліктің басшы құрамына комитет төрағасын таныстырды.
"ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы қызметіне полиция полковнигі Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев тағайындалды. Марат Ахметжанов жаңа басшының әртүрлі жауапты лауазымдардағы үлкен жұмыс тәжірибесін, сондай-ақ оның жоғары кәсібилігін атап өтіп, жаңа жұмыс орнында табыс тіледі", - делінген хабарламада.