Қайта аттестация кезінде QazaqResmiTest тапсыру міндетті емес

657

QazaqResmiTest жүйесінің авторлары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын жаңа тест форматының бағасына түсініктеме берді. 

Қайта аттестация кезінде QazaqResmiTest тапсыру міндетті емес

ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбілдің айтуынша, тестілеудің бұл түрі академия шәкірттері үшін тегін болмақ. Ал Talantiz компаниясы өнімді өзге ұйымдарға ақылы негізде ұсыну арқылы табыс таппақ

"Тесттің әдістеме иегері  - Мемлеттік басқару академиясы. Зияткерлік меншігімізді Talantiz компаниясына беріп отырмыз. Кез келген қазақстандық қазақ тілін қаншалықты меңгергенін білгісі келсе, осы компанияға жүгініп, ақылы түрде тест тапсыра  алады. Республикалық бюджеттен академияда оқушыларға қаражат қарастырылып қойған. Сондықтан бізде магистратура және докторантура деңгейінде білім алуға келген мемлекеттік қызметшілер ешқандай ақша төлемейді. Өнімді дайындауға бюджеттен  ешқандай шығын шыққан жоқ. Өйткені бүкіл жұмысты академия қызметкерлерінің күшімен, жылдар бойы жинаған тәжірибесімен жасап шықты. Ал қатардағы мемлекеттік қызметшілер қайта аттестаттаудан өткенде дәл осы тесті тапсырады деген талап жоқ. Мемлекеттік қызметші кез келген Қазақстан азаматы сияқты мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін тексеретін жүйені өз таңдай алады", – деді Ерлан Әбіл.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу