Қайта құрылған Самар ауданының бюджеті қыркүйекте белгілі болады

1042

Шығыс Қазақстан облысында жаңадан құрылған аудандардың бюджеті әлі бекітілген жоқ.

Қайта құрылған Самар ауданының бюджеті қыркүйекте белгілі болады

Құжаттар қазір облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасында қаралып жатыр. Оның нәтижесі қыркүйек айына дейін белгілі болмақ.

Алайда жаңа аудандағы  әкімдікте,  штат саны нақтыланған. Аудан бюджеті анықталған соң, онда 81 мемлекеттік қызметші мен 33 техникалық жұмысшы еңбек етпек. Самар ауданы 7 маусымдағы Президент жарлығынан кейін, Көкпекті ауданының құрамынан бөлінді.

Бұған дейін де аудан болған Самар, 1997 жылдың 23 мамырында таратылып, Көкпекті құрамына енген. Аудан статусын қайта алған Самардағы 35 елді мекен, 10 ауылдық округке біріктірілген. Қазір құрылу жұмыстары жүріп жатыр. Ішкі саясат, экономика, қаржы және жер қатынастары бөлімдері, Әділет департаментіне тіркелуде. Қалған бөлімдердің құжаттары әзірленіп, рәсімделуге аз қалған. Аудан аппаратының мөрі жасалып, фирмалық бланктері де дайын. Ал әр бөлімнің мөрлері әзірге дайын емес.

Фото: 24.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу