Қайта өндеу кешенінің дүние-мүлкі мемлекет қарамағына өтеді

323

Ауыл шаруашылығы техникасын қайта өндеу кешенінің дүние-мүлкі мемлекет қарамағына өтеді.

Қайта өндеу кешенінің дүние-мүлкі мемлекет қарамағына өтеді Фото: Inbusiness.kz

Жергілікті билік кәсіпорын тұрған аймақты басқа инвестициялық жоба үшін бермекші. Қостанай облысындағы бұл кешенді 2021-ші жылы сол кездегі Үкімет басшысы Асқар Мамин ашқан еді.  Алайда, теңдесі жоқ деп жарияланған өндіріс ошағы бір де бір ескі ауыл шаруашылығы техникасын қайта өндеумен айналысқан жоқ, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұл "Auto Recycling" ЖШС-сі 4 млрд теңгеден астам инвестиция құйған болып, ашқан кешеннің аты дардай.  Қолданыстан шыққан ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдейтін Қазақстандағы алғашқы және Орталық Азияда баламасы жоқ кәсіпорын деп жарияға жар салды.

Кәсіпорынның қуаты жылына 4 мың бірлік агротехниканы құрайды. Бұл ретте алынған металл жаңа өнімді шығаруға пайдаланылады. Сол кездегі Үкімет басшысы Асқар Мамин ашылу рәсіміне әдейіліп келген еді. Тіпті, ескі техниканы қабылдаған болып тізіп қойды.

Ескі ауыл шаруашылығы техникалары осы кешенде қайта өнделуі тиіс еді. Алайда, екі жыл өтсе де сол қозғалмаған күйі тұр. Бұл кешенде енді ешқашан қайтып өнделмесі анық.

Осыдан бір ай бұрын блогер, саясаткер Санжар Боқаев 900 мың теңгеге трактор сатып алып, осында қайта өндеуге әкелген еді. 95 жұмысшы еңбек етуі тиіс кәсіпорында оны күзетшілер ғана қарсы алған.

Облыстық басшылық сол кезде зауыттың техникалық іске қосуы болды деп ақталуда. Қылмыстық істерге орай инвестор жобаны әрі қарай жүзеге асыруды тоқтатып қойған.

"Қылмыстық істер бойынша жоба бастамашысының барлық мүлкі мемлекет пайдасына алынады. Кейін мемлекеттік мүлік департаментімен бірге Қостанай облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының балансына беру бойынша жұмыс жүргіземіз. Содан соң бұл алаңды инвест жоспары сәтті құрылған жоба жетекшісіне беріледі", - деді Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Назарбек  Қонқабаев.

Назарбек Қонақбав өнідіріс ошағына мемлекеттік бюджеттен бір тыйын да шығындалған жоқ дейді. Кәсіпорын облыс орталығындағы индустриялық аймақта орналасқан. Мұнда әкімдік өндіріс ошағының жұмысына қажет барлық инфрақұрылымды салып берді. Енді сол тұрған аймақты қоймасымен қоса қайтарып алмақшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу