Қайта өңдеу саласына субсидия беру шарттары жеңілдетілмек

842

Қаптама қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын әрбір ұйым жинау көлемін жыл сайын 5-10%-ға өсіріп отыруға міндеттелді.

Қайта өңдеу саласына субсидия беру шарттары жеңілдетілмек

2021 жылдан бастап Қазақстанда Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) операторынан ақшалай төлемдер алу тәртібін оңайлату қарастырылады. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен ӨКМ Операторы Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, салалық қауымдастықтар мен мамандандырылған кәсіпорын басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген салалық мәжілісте айтылды. 

Қаптама қалдықтарын жинау және қайта өңдеу саласының көрсеткіштерін талдау, сондай-ақ бизнестің өтініштерін қарау негізінде ӨКМ Операторының мамандары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың қосымша тетіктерін әзірлеген. 

"Қалдық өңдеудегі жалпы республикалық көрсеткішке қол жеткізу үшін қаптама қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын әрбір ұйым, жинау көлемін жыл сайын 5-10%-ға өсіріп отыру міндеттемелерін алады. Сонымен қатар түсетін өтінімдер бойынша (кемінде 20 келі) қайталама шикізат жинауды жүзеге асыратын болады", - деді "ӨКМ Операторы" ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев.

Аталған шараларды жүзеге асыру кешенді түрде қалдықтармен жұмыс істеу саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, қаптама қалдықтары мен автокомпоненттерді жинау географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді және экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етпек. 

2020 жылы қаптама қалдықтарын жинаудың жоспарлы көлемі 130 мың тонна, ал автокомпонент қалдықтары болса 102 мың тоннаны құрады.

Бұған қоса биыл Талдықорған, Ақтөбе, Семей, Өскемен қалаларының әкімдіктерімен ҚТҚ бөлек жинауды және сұрыптауды енгізу жобаларын жүзеге асыру бойынша жол картасына қол қойылған. 

ӨКМ Операторы тарапынан айтылған ұсыныстарды салалық мәжіліске
қатысушылар 2020 жылдың 1 қазанына дейін қарастыратынын жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу