Отандық қайта сақтандырушы компанияларға Ұлттық банктің рұқсаты керек. Ол болмағандықтан, табыстың қомақты бөлігі шетелдіктерге кетіп жатыр. Мамандардың дерегінше, қайта сақтандыру қаржысының көлемі 49,5 млрд теңгені құрайды. Ал оның ішінде шетелдік ойыншылардың үлесі 87 пайызға жеткен. Егер ұлттық банк рұқсат етсе, ірі нысандардың сақтандыру тәуекелі отандық брокерлер арасында теңдей бөлінер еді. Жалпы, қазіргі таңда 32 компанияның жартысы ғана қайта сақтандыру тәуекелін алуға қауқарлы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу