Ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап Ақтауда қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 35,4 пайызға өскен. Ал, жаңа тұрғын үйлердің құны 28,2 пайызға қымбаттады, деп жазады inbusiness.kz
Өңірлік бөліністе жаңа тұрғын үй нарығындағы бағалар Ақтауда – 28,2%-ға, Ақтөбеде – 25,4%-ға, Петропавлда 20,9%-ға қымбаттады.
Қайталама нарықта бағаның ең жоғары өсімі Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%) және Қостанай (31%) қалаларында, ал тұрғын үйді жалға беру нарығында Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%) және Алматыда (50,7%) байқалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу