Соңғы 4 айда бағаның төмендеуі байқалады. Тек мамырда баға өзгеріссіз қалды.
Яғни, екінші қайталама нарықтағы баспана ақпан айынан бері қымбаттаған жоқ. Қазір республика бойынша орта есеппен шаршы метр жыл басындағыдан 2%-ға арзан. Ал бір жыл бұрынғыдан 1,9%-ға артық, бұл инфляция фонында жақсы көрсеткіш.
Маусым айында 6 ірі қалада қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы төмендеді:
• Көкшетау – 4,2%-ға;
• Ақтау – 2,5%-ға;
• Алматы – 1,2%-ға;
• Өскемен, Қарағанды және Қостанай – 0,4%-ға.
Бағаның өсуін тек Талдықорған қаласында ғана тіркелген – 1,1%-ға. Қалған қалалардың барлығында маусым айында қайталама тұрғын үй бағасы өзгерген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу