Сауд Арабиясында екінші мәрте қасиетті сапарға аттанғысы келетіндерге салық енгізді. Бұл жайында "Мәруа тур" қажылық компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды islam.kz.
"2015 және 2016 жылдары қажылыққа барғандар биыл да қажылыққа барғысы келсе, 2000 риал (535 доллар) мөлшерінде виза үшін салық төлеуі тиіс",- деп айтылған аталған компанияның хабарламасында. "Өкінішке қарай, салығы төленбеген шетелдік төлқұжат елшілікке жөнелтілмейді",- деп нақтыланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу