"Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС 2025 жылғы 4, 5, 6 және 7 наурызда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-порталында өтетін аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттықтар туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бағаны көтеру форматы бойынша аукционға 63 зергерлік бұйым қойылады:
- 4 наурыз – 15 актив,
- 5 наурыз – 10 актив,
- 6 наурыз – 36 актив,
- 7 наурыз – 2 актив.
Сауда-саттыққа қалай қатысуға болады?
Сауда-саттыққа қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнасын төлеп, қызықтырған лотқа өтінім беру қажет.
БИН – 231040010244.
"Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС барлық мүдделі тұлғаларды осы бірегей мүмкіндікті пайдаланып, зергерлік бұйымдарды тиімді шарттармен сатып алуға шақырады.