Сауда-саттық қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1,8 млн теңгені құрайтын 4 зергерлік бұйым сатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аукциондар онлайн-форматта өтеді, бұл барлық қатысушылар үшін ашықтықты, айқындықты және тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Сауда-саттық аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жеңімпаз бен сатушы арасында сатып алу-сату шарты жасалып, актив тек толық төлем жасалған соң ғана беріледі. Сатылымнан түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға аударылады.
"Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС-нің қызметі активтерді жүзеге асыру процесінде тиімділікті, ашықтықты және қоғамдық пайда әкелуді көздейді.