Қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылды

691

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 824 қаулысы шықты. 

Қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылды Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылды, деп жазады inbusiness.kz.

Үкімет қаулысында көрсетілгендей, "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын болады.

"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету, өткізу серіктестік қызметінің негізгі нысаналары болып айқындалсын. Серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлесіне иелік ету және оны пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне берілсін", - делінген құжатта. 

Бұдан бөлек Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен:

  1. серіктестік жарғысын бекітуді;
  2. мемлекеттік тіркеу үшін серіктестік атынан құжаттарға қол қоюға, серіктестік органдары құрылғанға дейін қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген тұлғаны сайлауды;
  3. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында серіктестікті мемлекеттік тіркеуді қабылдауды қамтамасыз етеді деп көрсетілген. 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу