Қайтарылған жер телімі 217 млн теңгеге сатылды

121

Бұл туралы "Қайтарылған активтерді басқару" компаниясының (ҚАБК) баспасөз қызметі хабарлады.  

Қайтарылған жер телімі 217 млн теңгеге сатылды Фото: gov.kz

 E-Qazyna электронды сауда платформасында қайтарылған активтердің бірі – Алматы облысындағы жер телімін сату бойынша өткен аукциондық сауда сәтімен аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кезінде жекенің қолына заңсыз өтіп кеткен жер телімінің лоты 217 млн теңгеге сатылды. Аукцион толық ашық және жариялы өтіп, барлық қатысушыларға тең мүмкіндік берілді. Сауданың электрондық форматы үдерістің объективтілігін және бәсекелестік ортаны қамтамасыз еткен.

ҚАБК баспасөз қызметі түсіндіргендей, белгіленген тәртіпке сәйкес, сауда аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жеңімпаз бен сатушы сатып алу-сату шартын жасасуы тиіс.

"Нысан сатып алушыдан барлық қаражат сатушының шотына толық түскеннен кейін ғана тапсырылады. Сатудан түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға аударылып, ол білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік осал топтарды қолдау сияқты басым әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға жұмсалады", – делінген компанияның ақпаратында.

Еске сала кетсек, "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" ЖШС Мемлекет басшысы ұсынған заң мен тәртіп бастамасы аясындағы өз миссиясын ойдағыдай орындап келеді.

Яғни мемлекетке қайтарылған активтерді тиімді, ашық және қоғамдық пайдаға бағыттап, оларды елдің дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға жұмыс істейтін экономикалық айналымға тарту ісі жалғаса бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу