"Қайтып барсам, қабылдамайтын шығар": Қойшы бала Жігер Ауыпбаевтан не үшін кеткенін айтты

6092

Жас әнші Айдос Кәден өнердегі ұстазы Жігер Ауыпбаевқа қатысты пікірін білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қайтып барсам, қабылдамайтын шығар": Қойшы бала Жігер Ауыпбаевтан не үшін кеткенін айтты Фото: Ашық дерек көздерінен

"Менің сөздерім әлеуметтік желіде таралып кетті. Ол жерде артық ештеңе айтқан жоқпын. Жігер ағаның жеке басына тіл тигізбедім. Жеке дара бөлек кету туралы ойымды алғаш рет әкеме айттым. Ол кезде мен "болдым, толдым" деп ойладым. Әкем Жігер ағаның алдынан өтіп, мені алып кетті. Бірақ кейін қатты өкіндім. Өнерде білмейтін дүнием көп екен. Осы эфирді пайдаланып, Жігер ағамнан және халықтан кешірім сұраймын. Енді мұндай қателік жасамайтын шығармын. Бұл маған үлкен сабақ болды. Жігер ағаның сенімінен шығып кеттім. Ренжітіп алдым. Енді қайта барсам, ол кісі маған бұрынғыдай жаны ашып, еңбек етпейтін шығар. Менен қателік кетті", – деді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу