"Қайтыс болған адамға бата оқуға бара жатқан": Мұғалімдер мектеп автобусын жеке мақсатқа пайдаланған

4266

Мектеп директоры қызметінен босатылды.  

"Қайтыс болған адамға бата оқуға бара жатқан": Мұғалімдер мектеп автобусын жеке мақсатқа пайдаланған Фото: gov.kz

Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты Бөкейхан ауылында оқушыларды тасымалдайтын автобус жеке мақсатқа пайдаланылғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде ауылдағы орта мектеп мұғалімдерінің мектеп автобусын заңсыз пайдаланғаны жөнінде видео тарады. 

Басылымның жазуынша, мұғалімдер қайтыс болған адамға бата оқуға бара жатқан. Сол үшін мектеп оқушыларына арналған автобусты ақша төлеу арқылы пайдаланған. Алайда мұғалімдердің оқушыларды тасымалдауға арналған автобусты пайдаланғаны көпшілік арасында резонанс туғызды. 

"10 ақпан күні мектеп балаларының тасымалына арналған көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланбау жөнінде мектептерге хаттар жібергенбіз. Бірақ бұл ескертулерге қарамастан Ф.Оңғарсынова атындағы мектепте осы жайт орын алып, қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде мектеп директоры Шынар Исатаева бұл лауазымдық қызметтен босатылды", - деді аудандық білім бөлімінің басшысы Еділ Баяров.

Бұрынғы мектеп директоры бөлінген сағатына байланысты физика пәнінен сабақ береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу