Қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасына материалдық көмек көрсетіледі

1361

Қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасына материалдық көмек көрсетіледі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов бастаған үкіметтік комиссия "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында болған оқиға орнына келді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта комиссия қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасына материалдық көмек көрсету мәселесін қарауда.

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51 бабына сәйкес әскери қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда соңғы қайтыс болар (қаза болар) күні атқарған лауазымына сәйкес 5 жылдық ақшалай үлес көлемінде бір реттік өтемақы төлеу қарастырылған.

91678 әскери бөлімінің Жамбыл облысы Көксай шатқалында қаза болған әскери қызметшілер тізімі:

- аға лейтенант Әлішер Қырықбайұлы Мошабаев 1991 ж.т.

- кіші сержант Мақсат Тұрарұлы Қыдырбаев 1991 ж.т.,

- кіші сержант Әуесбай Көмекбайұлы Ерісбаев 1992 ж.т.,

- келісімшарт қызметіндегі қатардағы жауынгер Тілеужан Қуатжанұлы Кеңесов 1993 ж.т.,

- кіші сержант Әмір Жаңабайұлы Аралбаев 1988 ж.т.,

- келісімшарт қызметіндегі қатардағы жауынгер Мақсат Құмағазыұлы Шәкен 1995 ж.т., - ефрейтор Мұхит Балмағанбетұлы Тұрысмағанбетов 1991 ж.т.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу