Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте параспортшы Нышан Өмірәлінің отбасына төлемақы беру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Нышан Өмірәлі жол апатынан қаза тапты. Спортшының отбасы оның Париждегі Паралимпиада ойындарында өнер көрсеткені үшін төлемақыны ала алмай жүр.
"(Төлемақыдан) бас тартылған жоқ. Мәселені қарастырып жатырмыз, ол әлі шешілмеді", – деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.
Айта кету керек, өткен жылы Пара таеквондодан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нышан Өмірәлі өмірден озғанын жазған болатынбыз.