Қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі өзгертілді

1696

Енді COVID-19-ға анықтама талап етілмейді. 

Қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі өзгертілді

Бұл туралы Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті. 

"Қазіргі кездегі жерлеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып кез келген зиратта жерлеу рұқсат етілген", – деді министр. 

Бұған дейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде жаппай коронавирустық инфекцияның бар-жоғы жөнінде анықтама үшін жақындарын жерлей алмай отырғанын жазған. 

Нәтижесінде олар сараптама қорытындысы шыққанша қайтыс болған адамның мәйітін бірнеше күн қатарынан үйлерінде сақтауға мәжбүр еді. Бұл қоғамда үлкен дау тудырды. 

Еске сала кетсек, қазіргі кезде елімізде 21 мың 819 адамнан COVID-19 анықталды. 13 мыңнан аса науқас жазылды, 188 науқас көз жұмды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу