Еуропаға қайықпен бара жатқан 75-тен астам мигрант Ливия жағалауында суға батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Риа Новости-ға сілтеме жасап.
Халықаралық көші-қон ұйымының жергілікті кеңсесі хабарлағандай, қайықпен Еуропаға бет алған 75-тен астам мигрант Ливия жағалауында Жерорта теңізінде суға батып кетті.
"Балықшылар құтқарып, Зувара қаласына жеткізілген аман қалған 15 адамның айтуынша, сәрсенбі күні Ливиядан кетіп бара жатқан 75-тен астам мигрант суға батып кеткен", – делінген Халықаралық көші-қон ұйымының сенбі күні Twitter-де жарияланған мәлімдемесінде.
Ұйымның мәліметінше, биылдың өзінде Жерорта теңізінде 1,3 мыңнан астам адам қаза тапқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу