Қайықты тастай қашқан үш браконьер іздестіріліп жатыр

499

Атырауда 25 маусым күні шамамен түнгі сағат 3-те рейд барысында Байда қайығын тастап қашқан үш браконьер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қайықты тастай қашқан үш браконьер іздестіріліп жатыр

Олар балыққорғау инспекторлары сол күні түнде Дамбы ауылы тұсынан Жайық өзенінде теңіз жақтан келе жатқан Ямаха-200 қос моторлы Байда қайығын тоқтатқанда қашқан. Қайықтан ау құралдары мен 533,95 кг бекіре балығы табылды

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігі 5-тармағы ("Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") бойынша іс қозғалды. Тексеру жүріп жатыр.  

Жайық каспий облысаралық бассеіндік балық шаруашылығы инспекциясы балық шаруашылығы бөлңмінің бас маманы Темірхан Онайбаев түнгі мезгілде қашқан браконьерлерді ұстау мүмкін боламағанын айтады.

– Сол жерде 102 номеріне соғып, хабарлама берілді. Байда қайығын полиция кызметкерлеримен карау кезінде жалпы салмагы 533,95 кг бекіре тұқымдас балықтар табылды. Қазір заңсыз балық аулаушыларды анықтау жумыстары жүріп жатыр, – дейді Оңайбаев.   

Айнұр Сапарова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу