"Қайын жұртым батасын берді": Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің қазасынан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты

7434

Ол жақындары мен балаларының қолдауының арқасында аяққа тұрғанын айтты.

"Қайын жұртым батасын берді": Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің қазасынан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты Фото: видео скриншот

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы жолдасы өмірден өткеннен кейінгі өмірін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты “1001 түн” бағдарламасына сілтеме жасап.

"Қайын жұртым жылынан кейін иығыма ақ орамал жауып, ендігі өмірің ақ болсын деп батасын берді. Мен мықтымын деп өзімді көрсетіп жүргенмен олай емес. Ол үлкен салмақ. Бір шетте жылап отырсаң, балаң саған қарайды. Баланың жүрегін ауыртқың келмейді. Маған тез жиналуға тура келді. Әрине, оңай болмады. Жора-жолдастарым, мамам, қайын апаларым, қайын ағаларым көмектесіп тұрады. Менің анам да 49 жасында 4 төрт баламен жесір қалды, әкем қатты ауырды, жеңгем 6 алты баламен қалды. Олардың қасында Қайрекең балаларға керек сәтінде қасында болды. Мықты тәрбие беріп кетті. Ұлдарым қазір бұзықтық жасаса дауыс көтере алмаймын. "Менің ойымша, сенің бұл іс-әрекетің әкеңе ұнамас еді" деп айтамын. Түсіндірудің ең биік жолы – сол. Жинала қояды. Жеңгем алтыншы баласын ағам дүниеден өткеннен кейін төрт күннен кейін дүниеге әкелді. Жеңгемнің мықтылығына қарап, басқа да келіншектердің мықтылығын мойындаймын", - деп жылап қалды журналист. 

Сондай-ақ, Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының алғаш алып берген көлігі туралы да айтып берді. 

“Ең алғашқы көлігімді түсімде көрдім. Қайрекем сыйлаған. Салонға барып кез келген көлікті таңда деді. Жалпы, әйел заты машинаның тек сыртқы формасына ғана мән береді екен. Мен де формасы ұнаған машинаны алдым. Бірақ Қайрекең оны несиеге алып берді. 1 айдан кейін маған "төлеу керек" деген хабарлама келіп тұр. Артынан неге олай алғанын түсіндіріп берді. Іскер адамдардың әрқашан өз жоспары болады,  ми қатпарлары да басқалай жұмыс істейтін сияқты. Сөйтіп жүріп, Қайрекем 1 жылда төлеп тастады. Артынша балаларға да қаржылық сауатты үйретті", - деді журналист. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу