Қайыңды көлінің деңгейі 10 метрге төмендеп кеткен

3558

 Алматы облысындағы Қайыңды көлі тартылып барады. Мамандар дабыл қағуда.

Қайыңды көлінің деңгейі 10 метрге төмендеп кеткен

Былтыр ғана 40 мыңнан аса турист арнайы барып тамашалаған Алматы облысындағы Қайыңды көлі жоғалудың алдында тұр. Сұлу табиғатты көздің қарашығындай сақтап жүрген парк қызметкерлері осылай деп дабыл қағуда.

Мамандардың айтуынша, Қайыңды көлі 10 жылдың ішінде 10 метрге төмендеп кеткен. Жетісудың жауһарын сақтап қалу үшін су қоймасын салу қажет. Мамандар бұл мәселені көтеріп, талай мәрте үкіметке хат жолдағандарын айтады, бірақ еш нәтиже жоқ.

Алматы облысындағы дәл осы Қайыңды көлінің ерекше әсемдігін тамашалау үшін туристер алыс-жақын шет елдерден де арнайы келуде. Бұл жерде демалушылар үшін ешқандай жағдай жасалмағанына қарамастан, былтыр 40 мыңнан аса турист келсе, биыл одан да көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу