Қайыңнан дайындалатын ұлттық бұйымдарға шетелде сұраныс көп

780

Қайыңнан дайындалатын ұлттық бұйымдарға шетелде сұраныс көп

Қарағанды облысында "Fashion индустриядан" Қазақстанды әлем жұртына танытып жүрген шеберлер де бар. Олар халықаралық масштабтағы шараларға осыған дейін де қатысқан. Ал, биылғы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінде жүзге тарта шебер өздерінің бұйымдарын ұсыныпты, деп хабарлайды abctv.kz.

"Экспо" көрмесінде Қарағанды облысынан Балқаш, Жезқазған, Шахтинск және басқа да аудан, қалалардан шыққан шеберлер өздерінің бұйымдарын көрсетті. Мұның барлығы мемлекеттік органдар мен облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауының арқасында", - дейді Орталық Қазақстан туризм, мейрамхана, қонақ үй, қолөнер бизнесі қауымдастығының президенті М.Ағаділова.

Өңірдегі қолөнер, fashion-индустрияны дамытуда шеберлер жұмыстарына арналған көрме өткізетін арнайы ғимарттың қажеттілігін атап айтады. Бүгінгі таңда шеберлер өздерінің қолдарынан шыққан бұйымдарын көрсетіп қана қоймай, саудаға шығаратындай мүмкіндік алса, ол облыстағы өңіріміздегі қолөнер дамуына ықпал етер еді дейді олар.

Ардақ Емелғазы 10 жылдан бері қолөнермен айналысып, бес жыл қатарынан өздерінің жұмыстарын әр түрлі көрмелерге шығарып келеді. Қазақ қолөнерін жандандырып, ұлттық нақыштағы бұйымдар жасаумен айналысып жүрген отбасы өздерінің кәсіптерін ынтасы бар, ықылас танытушыларға үйретуге дайын. Қайыңнан ғана дайындалатын ұлттық бұйымдар Қазақстан ғана емес, шетелде де сұранысқа ие. "Экспо-2017" көрмесінде бұйымдарын көрсету бақытына ие болған отбасы өздерінің қолдарынан шыққан заттар арқылы Қазақстан туралы естелік қалдыра алғандарына қуанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу