Қайыр сұрайтын алаяқтардан сақтандырды

1144

Қайыр сұрайтын алаяқтардан сақтандырды

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Дубай қаласының полиция қызметі көшедегі қайыршыларға садақа бермеу жайында үндеу жариялады. Үндеуде Ислам дінінің садақа беруге, жақсылық жасауға шақыратынын айта келіп, бұл үшін арнайы жолдары бар екенін ескертеді. Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Дубай қаласының полиция төрағасы, генерал-майор Омар әли Мухайри көшеде қайыр сұрап жүретіндердің көбісі алаяқтар және қылмыстық топтарға қатысы бар жандар екенін атап өтті. Оларға берілген садақаның зұлымдық істерге жұмсалатынын да ескертеді.

"Полиция қызметкерлері осы бір келеңсіз жағдайды тоқтатқысы келеді. Біздер өздерін қайыршы етіп көрсетіп, оңай жолмен пайда тапқысы келетіндерге қарсы күрес шараларын жүргізіп келеміз, жүргізе де береміз. Бұған қоса, қала тұрғындарынан да жауапкершілікпен қарауын сұраймыз", – делінген мәлімдемеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу