Қайырбек Өскенбаев: "4 пайыздық" көліктер үш ай ішінде толық беріледі

639

Бүгінде 4 800-дей адамға жеңілдетілген автокөлік алу үшін банктерден кепілдік, рұқсат берілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Қайырбек Өскенбаев: "4 пайыздық" көліктер үш ай ішінде толық беріледі

Журналистер зауыттарда мәшине жоқ екеніне, адамдарға "алты ай, бір жыл, 10 жыл күтуге тура келетіні" туралы айтылғанына назар аударды.

"Қалай мәшине жоқ? Зауыт қой. Әрине, бір күнде 10, 20 мың мәшине шығару мүмкін емес. Бірақ ай сайын өзінің жолымен шығарылып жатыр. Екі үш ай ішінде несие алған адамдарға толығымен мәшине беруге зауыттарда мүмкіншілік бар. ... Ешқандай 10 жыл күтпейсіздер. Әрі кеткенде екі-үш айдың ішінде беріледі", - деп уәде берді министр.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу