Қайырбек Өскенбаев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясында қаза тапқан қызметкердің отбасына көңіл айтты

Осы іске қатысты арнайы комиссия құрылды.  

Қайырбек Өскенбаев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясында қаза тапқан қызметкердің отбасына көңіл айтты Фото: АМТ

Сенат кулуарында тілшілер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінен бұл жолы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатысты қандай шара қолданылатынын сұрады. 

"Қайтыс болған қызметкердің отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Бұл жан түршігерлік трагедия. Менің ойымша, барлық қазақстандықтар бейбіт уақытта адамдардың қаза тауып жатқанына наразы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет бір емес, бірнеше комиссия құрды, олар барлық салаларды тексереді. Біз жақын арада оның нәтижесін көреміз. Бұл жерде тек жекелеген қызметкерлердің ғана емес, сонымен қатар бүкіл компанияның жауапкершілігі туралы мәселе көтеріледі", – деді министр Сенат отырысынан соң тілшілерге.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу