Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қосымша тапсырма берді

507

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.  

Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қосымша тапсырма берді

"Достар, өздеріңізге мәлім, қазіргі таңда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қоғамда қызу талқылануда. Қалыптасқан ахуал бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығы хабардар. Туындаған мәселеге жан-жақты сараптама жасалуда. Министр Қайырбек Өскенбаев жауапты тұлғалар мен мекемелерге аталмыш жағдайға байланысты түсініктеме беруді және қабылданған шаралар мен шешімдерді жариялауды тапсырды", — деді Жанжігіт Омархан.

Сондай-ақ, ҚР ИИДМ өз тарапынан бағдарламаның ережесі мен оның іске асуы туралы қажетті базалық мәліметті даярлағанын атап өтті. Бағдарламаны одан әрі жүзеге асыру құқығы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" мен автокөлік өндірушілер, ритейлер мен екінші деңгейлі банктерге берілген. Аталған ұйымдар бекітілген бағдарламаның ережесіне сәйкес жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу