ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет кулуарларында жеңілдетілген автонесиеге байланысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Банктерде "пул құрып, несие берейік" деген идеология бар. Ақша күнделікті қайтарылатыны анық, ол мүмкін бір адамға жетер, мүмкін бес адамға жетер. Соған сәйкес оны бір, мейлі бес адамға беру керек. Менің түсінігімде, бұл тұрақты процесс болуы шарт. Бірнеше миллиард жинап, 200-300 адамнан кезек құрып, бірақ несие берейік деген болмайды. Жұмыс күн сайын жалғасуы керек, бұл үздіксіз процесс болуы маңызды", – деді министр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу