Қайырбек Сүлейменов "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болды

1011

Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Пя Юрий Владимирович Қамқоршылық кеңестің жұмыс көлемінің жоғары болуына байланысты төрағаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz қордың сайтына сілтеме жасап.

Қайырбек Сүлейменов "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болды

Пя Юрий Владимирович "University Medical Center" корпоративтік қорын басқарады.

Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып қоғам қайраткері, "Атамекен" ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов сайланды.

Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары болып дәрігер медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы сайланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу