Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президенттің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" Жарлығымен:
Ішкі істер органдарының ардагері Қайырбек Сүлейменовке Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды.
Жазушы Дулат Исабековке, "АтырауАгроӨнімдері" ЖШС директоры Владимир Фёдорович Розметовке Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды.