Қайырымды іс жасар кезде жауапкершілікті де естен шығармайық – Аида Балаева

166

"Тілсіз жауды ауыздықтау оңай болмаса да, халықтың бірлігі мен ынтымағы арқылы бұл сынақты да еңсереміз деп сенеміз".

Қайырымды іс жасар кезде жауапкершілікті де естен шығармайық – Аида Балаева Фото: bestnews.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева еліміздің аймақтарындағы су тасқыны жағдайы мен қиындыққа тап болған азаматтарға көмек көрсетем деушілерге үндеу жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Құрметті достар! Еліміз қазір қиын кезеңді бастан кешіп жатыр. Қарғын су ауыл-аймақты басып, халықтың үй-жайы мен мал-мүлкіне орасан зор шығын келді. Мұндай қиын-қыстау кезде ел азаматтары жұдырықтай жұмылып, бір-біріне көмек қолын созуда. Әрине, тілсіз жауды ауыздықтау оңай болмаса да, халықтың бірлігі мен ынтымағы арқылы бұл сынақты да еңсереміз деп сенеміз.

Осы уақыт ішінде бізге зардап шеккендерге көмек көрсетуге ниеті жандар хабарласып, көптеген өтініштер түсті. Гуманитарлық көмекті қайда және қалай жіберуге болады деген сұрақтар көп. Қаражатты қай қорға және қандай шотқа аударуға болады ?

Бұл ретте, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Ресми түрде жұмыс істейтін қорлар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға хабарласып, біле аласыздар. Қайырымды іс жасар кезде жауапкершілікті де естен шығармайық", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу