Қайырымдылық аукционынан түскен ақша науқас балалардың ата-анасына табыс етілді

1062

Қайырымдылық аукционынан түскен ақша науқас балалардың  ата-анасына  табыс етілді

"Асар" қайырымдылық аукционында Ақмола облысының мұқтаж отбасыларына 830 мың теңге жиналды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Зеренді ауданының Мәдениет үйінің көрермендер залында  жеке кәсіпкерлердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың, білім беру мекемелері басшыларының, мемлекеттік қызметкерлердің,  өңірдің барлық селолық-ауылдық   округтерінің қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, Зеренді селосы  тұрғындарының  қатысуымен  алғаш  рет  "Асар" қайырымдылық  акциясы  өткізілді.

Аукционға Зеренді ауданы  Балалар шығармашылығы  үйінің тәрбиеленушілері әзірлеген әртүрлі бұйымдар, қөлөнер туындылары  шығарылды.  Осы  жерде  қайырымдылық акциясына  қатысушылардың  белсенділігінің  нәтижесінде  саудаға  шығарылған  лоттардың бастапқы бағалары  үнемі  өзгеріске  ұшырап, белгіленген  межеден  бірнеше  есе  қымбатқа  сатылғанын  атап өту қажет. 

Сатылым аяқталғаннан кейін комиссия жиналған ақшалай қаражаттардың  сомасын жариялады. Аукционнан  түскен 830 мың теңге тең көлемде бөлініп,  бағасы  аса қымбат ем қабылдауға мәжбүр болып   отырған   Настя Лакомкина мен Әсет Байжоловтың  ата-анасына  табыс етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу