Қайырымдылық қорлары қаржылық есеп беруге міндеттеледі

1524

Діни және қайырымдылық ұйымдарда терроризмді қаржыландыру қауіпі басым.

Қайырымдылық қорлары қаржылық есеп беруге міндеттеледі

Қайырымдылық ұйымдары мен діни бірлестіктер енді ақшаны банк арқылы ғана аудара алады. Бұл терроризмді қаржыландыруға қарсы қабылданар шара болмақ. Мұндай өзгерістер Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған заңда жазылған, деп хабарлайды Atameken Business.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары әрі қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, заңға бағынбағандар жазаға тартылады. Осылайша, жаңа құжат қылмыстық кірістерді заңдастыру мен терроризмді қаржыландырудың жолын кесуге күш салмақ. Себебі, мұндай әрекетке баратындардың көбі аз тексерілетін жүйені таңдайды. Ол – қайырымдылық қорлары, жәрдем жинайтын діни ұйымдар. Енді олар қаржыны қолма-қол тарата алмайды.  

"Діни және қайырымдылық ұйымдарда терроризмді қаржыландыру қауіпі басым. Сондықтан бұл заңға сәйке мұндай бірлестіктер тек екінші деңгейлі банк арқылы ғана ақша аудара алатыны жазылған. Сондай-ақ, олар үлкен көлемдегі қаржы жайында тиісті органдарды ақпараттандырып отыруы керек. Әйтпеген жағдайда, оларға айыппұл салынады",– дейді Әлихан Смайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу