Қайырымдылық көрмесі өтеді

742

Қайырымдылық көрмесі өтеді

12 мамыр күні "MEGASilkWay" СОСО-да "Возьми меня домой" атты фотокөрме өтеді. Шараны ұйымдастырушылар қала әкімдігі және жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестік, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Көрме мақсаты, иесіз қалған ит пен мысықтарға ие тауып беру және оларға жауапкершілікпен қарау. Мұнда иесіз және қаңғыбас жануарларға арналған уақытша паналау орнындағы елуден астам ит пен мысықтың фотосуреттері қойылады. 

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, фотокөрмеден өзіңізге және сіздің жақын туыстарыңызға сүйкімді көрініп, өзінің қылықтарымен әр күн сайын көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын, жақсы дос бола білетін жануарды жолықтыруларыңыз мүмкін.

Қайырымдылық көрмесі 25 мамырға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу