Қайырымдылық қорына 3,17 миллиард доллар қаржы аударды

931

Қайырымдылық қорына 3,17 миллиард доллар қаржы аударды

Байлығы жөнінен америкалықтардың арасында үшінші орында тұрған Уоррен Баффет Билл Гейтстің қайырымдылық қорына 3,17 миллиард доллар қаржы аударғанын мәлім етті, деп хабарлайды aikyn.kz.

Жалпы бизнесі тасыған, дәулеті асқан Баффет қанша бай болса да, мұқтаж жандарға үнемі көмектесіп келеді. Ал бұл жолғы қаржы Баффеннің Hathaway компаниясының атынан Билл Гейтстің қорына аударылды.

2006 жылдан бері Баффет қайырымдылық іс- шараларына 27,5 миллиард доллар қаржы аударғаны мәлім болды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, аударылған қаржының 80 пайызы Гейтстің қоры арқылы іс-шараларға жұмсалған.

Уоррен Баффет АҚШ-тағы ең мықты дәулетті адамдардың қатарынан саналады. Оның байлығы бүгінгі таңда 76, 2 миллиард долларға жетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу