Олар жергілікті жастар мен есірткі пайдаланушыларды жалған қорды қаржыландыруға мәжбүрлеген. Тіпті кейбіреуін сұраған қаражатты бергенге дейін пәтерде қамап ұстаған.
Осындай жантүршігерлік ақпаратты таратқан Ішкі істер министрлігінің өкілдері "қылмыстық топтың 8 мүшесі қамауға алынды" - деп отыр. Тінту барысында пышақ, травматикалық тапанша сынды қарулар табылған.
Айта кетерлігі, мұқтаж жандарға көмектесу мақсатында деген желеумен құрылған қайырымдылық қорын ресми тіркеп қойыпты. Тіпті инстаграм парақшасын ашып үлгерген. Алайда, құрылғалы бері қор шотына бір тиын да түспепті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу