"Қайырымдылық KZ" қорына 491 млн теңгеден астам қаражат жиналды

674

Қордың құрылтайшылары түскен қаражат пен шығындар туралы тұрақты негізде есеп береді.

"Қайырымдылық KZ" қорына 491 млн теңгеден астам қаражат жиналды

"Қайырымдылық KZ" қоғамдық қорына 491,6 млн теңге көлемінде қаражат жиналды. Бұл туралы Қостанай облыстық Мәслихат депутаты, қордың өкілі Гүлмира Қапенова хабарлады, деп жазады inbusiness.kz "Костанайские новости" газетіне сілтеме жасап. 

7 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, "Қайырымдылық KZ" қоғамдық қорына 491,6 млн теңге көлемінде қаражат түскен. Алдағы күндері қордың сайты мен әлеуметтік желілерде парақшалары пайда болады. Қордың құрылтайшылары түскен қаражат пен шығындар туралы тұрақты негізде есеп береді.

– Біз оны жалғыз қор деп айтпаймыз. Бірақ та, бұл Әулиекөл және Қарасу аудандарындағы төтенше жағдай кезінде пайда болған мәселелерді шешуге арналған, қаражат жинақталатын облыстың бірыңғай қоры. Басқа да жеке қорлар ақша жинап, үйі өртенген тұрғындарға, жергілікті билікке тікелей шығып жатыр, – деді Гүлмира Қапенова. 

Қоғамдық қордың негізгі 3 міндеті бар. Біріншісі – тілсіз жаудан зардап шеккен ауыл тұрғындарына көмектесу. Жиналған қаражат арқылы олардың тұрғын үй, мүлік, малды жоғалтуына байланысты мәселелерін шешу жоспарланып отыр. Ақпаратта көрсетілгендей, бұл Әулиекөл ауданы мен Қарасу ауданының Люблинка ауылының тұрғындарына қатысты. 

– Осыдан кейін қаражат қалатын болса, ол елді мекендерге келтірілген залалды өтеу бойынша сұрақтарды шешуге жұмсалады. Оның ішінде инфрақұрылым, қоршаулар, қоғамдық орындар бар. Бұл мәселелер шешімін тауып жатса, көгалдандыруды да қарастырамыз, – деді қор өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу