Қайырымдылық жобасына қатысып жатқан тірек мектептердің алғашқысы жабдықталды

777

Орта мектеп қордың "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" қайырымдылық жобасына қатысушы 17 тірек мектептің алғашқысы.

Қайырымдылық жобасына қатысып жатқан тірек мектептердің алғашқысы жабдықталды

"Қазақстан халқына" қоры Ақмола облысының Қатаркөл ауылындағы Досов атындағы орта мектепті қажетті материалдық-техникалық жабдықпен қамтамасыз етті, деп хабарлайды inbusiness.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

17 тірек мектепті жабдықтауға "Қазақстан халқына" қорынан 4,25 млрд теңге бөлінген. Еліміздің 17 өңірінде НЗМ оқыту әдістемесі бойынша ауылдық тірек мектептер жабдықталып, олардың әрқайсысын жарақтандыруға 250 млн теңгеден бағытталады. 

Мектепте 39 кабинет пен үй-жай жаңартылып, жиһаз бен жабдықтар жиынтығы, оқытудың техникалық құралдары, құрал-саймандар мен керек-жарақтар, көрсету құралдары, сәндік-көркем бұйымдар, баспа құралдары сатып алынды. Соның ішінде бейне қабырға мен ақпараттық киоск, арт-студия, онлайн сабақтар мен шеберлік сабақтарын жазуға арналған телестудия, шеберханалар бар. Қазір сабақтар интерактивті панельдерді, жаңа құрылғылар мен демонстрациялық материалдарды қолдана отырып жүргізілуде. Сондай-ақ оқу орнында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын орталық бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу