ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің өкімімен Қайыржан Меңдіғалиев Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Өңір басшысы облыс активіне өзінің жаңа орынбасарын таныстырып, Қайыржан Ермекұлына жұмысына табыс пен сәттілік тілеп, оның алдында тұрған бірқатар міндеттерді де тілге тиек етті. Жаңа орынбасар ішкі саясат, білім, мәдениет, спорт, дін мәселелеріне жетекшілік етеді.
БҚО әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Қ.Меңдіғалиев Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Сондай-ақ, Халықаралық білім беру корпорациясының (ҚазБСҚА) бірінші проректоры, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының тәрбие жұмысы және маркетинг жөніндегі проректоры лауазымдарын атқарған, оқытушы, кейін Халықаралық бизнес университетінде (UIB) проректор болып жұмыс істеген.
"Инновациялық менеджмент" мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бакалавриат және магистратурасын бітірген.
Үйленген, үш баласы бар.