Қақаған аязда кей операторлар әлеуметтік көмірді халыққа емес, бизнес субъектілеріне сатқан

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты. 

Қақаған аязда кей операторлар әлеуметтік көмірді халыққа емес, бизнес субъектілеріне сатқан Фото: 24.kz

"2022-2023 жылыту маусымы аяқталуға жақын. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 113,9 млн тонна көмір өндірілді, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 2% - ға артық (111,7 млн тонна). Жалпы, биылғы жылу маусымына халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмірдің жоспарлы қажеттілігі шамамен 9 млн тоннаны құрады. Өңірлерге қатты отын толық көлемде жеткізілді", – деді министр

Алдағы 2023 - 2024 жылдардағы жылу маусымына дайындық мақсатында Министрлік бюджеттік ұйымдар мен халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша нақты мерзімдері көрсетілген іс-шаралар жоспарын әзірлеп, жергілікті атқарушы органдарға жолдады.

Алдағы жылыту кезеңінде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында Министрлік көмір өндіруші кәсіпорындарды қоспағанда, көмірді автокөлікпен (6 ай мерзімге) және теміржол көлігімен әкетуді шектеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдауда.

"Өткен кезеңдегі тәжірибе көрсеткендей, жылу маусымы қызған шағында әлеуметтік көмірдің сату нүктелерінен шетке кету фактілері орын алды.

Мәселен, еліміздің 5 өңірінде (Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Алматы облыстары) 400 мың тоннаға жуық көмір шетке кетті.

Әкімдіктер тарапынан бақылаудың болмауына байланысты бірқатар өңірлік операторлар әлеуметтік көмірді мақсатсыз, яғни бизнес субъектілеріне сата бастады", – деді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу