Бұған дейін №20 қазандықта апаттық жағдай тіркелген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осыған байланысты БСХТ шағын ауданында және Конный двор ауданында жылумен қамту уақытша тоқтатылған болатын.
Қазіргі уақытта жылу магистралінде жүргізілген апаттық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталып,№20 қазандық іске қосылған.
– Жылу беру қалпына келтірілді. Жылумен толық қамтамасыз ету үшін мамандар көпқабатты үйлер мен жеке сектордағы жүйеден ауаны шығару жұмыстарын жүргізуде.
Жүйе толтырылып, тұрақтануына қарай үйлерге жылу беру кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі, – делінген хабарламада.
Жауаптылардың сөзінше, жағдай Бурабай ауданы әкімдігінің толық бақылауында.
– Түсіністік танытып, сабырлық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Егер сұрақтарыңыз болса немесе жылумен қамтуға қатысты қиындықтар сақталса, 4-43-00 телефоны бойынша "жедел желіге" хабарласа аласыздар, – деп қоса кетті әкімдік өкілдері.