Қарағанды облысы бюджетінен тұрғын үй сертификатына 1 миллиард теңге бөлінеді

1046

Қарағанды облысы бюджетінен тұрғын үй сертификатына 1 миллиард теңге бөлінеді

Қарағанды облысында президенттің бес әлеуметтік бастамаларының орындалуы туралы аймақ басшысы Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиын барысында айтып берді.

2019 жылы облыс тұрғындары тұрғын үй сертификаттарын алады, деп мәлімдеді ол. 

"Президенттің бес әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыру ерекше қадағалануда. Бағдарламаны орындауға барлық институттар жұмылдырылған. Бүгінгі таңда "7-20-25" бірінші бастамасы бойынша жекеменшік құрылысшылардың жобалар пулы құрылған, - деді Ерлан Қошанов. – 4000 пәтерге шақталған 23 жобаны іске асыру басталды. Жыл соңына дейін аталмыш бағдарлама бойынша 325 пәтер қолданысқа беріледі, ал 2019 жылы берілетін пәтерлер саны 1000-нан асады. Бүгінгі таңда 104 өтінім берілді, олардың 68-і оң жауап алды. Келесі жылы 700 астам отбасыға тұрғын үй сертификаттарын беру үшін облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр". 

Алдын ала болжам бойынша, облыста жыл сайын коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысы 20% өсіп отырады. 

Жиында айтылғандай, аймақта кезекте тұрғындарға пәтер беру 2,5 есеге артқан. 2018 жылы 1700-ден астам қарағандылықтар баспаналы болған. Осы жылдың басынан бері 340 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. 

Екінші бастама бойынша облыстың 80 мың тұрғынның еңбекақысы салықтың төмендеуі есебінен 9% өсірілетін болады. Студенттер үшін алдағы екі жылда 4 жатақхана салу жоспарланып отыр. 

"Елбасының бастамасының арқасында бизнесті қолдау екі есеге артты. Алғаш рет шағын несиелеуге 5,7 млрд теңге бөлінеді. Басымдылықты шалғайдағы аудандарға беріп жатырмыз. Ал ол дегеніміз 1,5 мың жаңа жобалар мен 2250 жұмыс орны", - деп жалғастырды облыс әкімі. 

Газбен қамту бастамасы облыстың 70%, не болмаса бір миллионға жуық адамын қамтиды. 

"Жобаны жүзеге асыру жеке сектордың 68 мың үйін, 200-ге жуық дербес қазандықтарды газбен жылыту жүйесіне ауыстырып, шамамен 700 кәсіпорындарды энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді Ерлан Қошанов. – Біздің міндетіміз – газ тарату жүйелерін салу. Қарағанды, Теміртау және Жезқазған үшін жобалық-сметалық құжаттарды құру жұмыстары аяқталуға жақын қалды". 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу