Какау Кувейт құрамасын баптайды

722

Какау Кувейт құрамасын баптайды

"Қайрат" футзал клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Какау Кувейт құрамасын баптайды. Келісімшарт екі жылға жасалып отыр, деп хабарлайды vesti.kz.
Естеріңізде болса, бразилиялық маман "Қайратта" 2013 жылдың қаңтарынан бастап алты маусым жұмыс істеді. Осы аралықта алматылықтармен бірге екі мәрте UEFA кубогын және бірнеше рет Еременко кубогын жеңіп алды. Әрі өзі қызмет арқарған кезде Қазақстан чемпионатының бас жүлдесін ешкімге берген жоқ.
Ал Қазақстан ұлттық құрамасын бастап екі мәрте Еуропа чемпионатының жартылай финалына жетті. Бір мәрте Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу