Қақпашы Эдди Паскуале "Барыс" хоккей клубына ауысты

604

Хоккейші 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін бір жақты келісімшартқа отырды. 

Қақпашы Эдди Паскуале  "Барыс" хоккей клубына ауысты

"Барыс" хоккей клубы канадалық қақпашы Эдди Паскуалемен құрамын толықтырғанын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды olympic.kz . Хоккейші 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін бір жақты келісімшартқа отырды. 

Эдди Паскуале Торонто қаласының тумасы. Соңғы бір жарым жыл Ұлттық хоккей лигасының командасы саналатын "Тампа Бэй Лайтнинг" (Tampa Bay Lightning) клубының жүйесіне кіретін "Сиракьюз Кранч" (Siracuse Crunch) фарм-командасында өнер көрсетті. 

Ұлттық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын өткен жылдың желтоқсанында "Детройтқа" қарсы өткізген. Сол ойында "Тампа" буллитер сериясында 6:5 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу