Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлім етті.
"Қазіргі уақытта Эквадорда тұрақты негізде тұратын 7 ҚР азаматы бар, барлығы консулдық есепте. Олардан басқа бұл елге турист ретінде барған 3 адамнан тұратын қазақстандық отбасы бар.
Консул олардың барлығымен хабарласып, тікелей байланыс орнатты, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары туралы тиісті нұсқаулық берді. Зардап шеккендер арасында ҚР азаматтары жоқ" делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазіргі уақытта қазақстандықтар Эквадорға 30 күнге дейін визасыз бара алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу