Қақтығыста қаза тапқан палестиналықтардың саны 59-ға жетті

493

Қақтығыста қаза тапқан палестиналықтардың саны 59-ға жетті

Газа секторында Израиль әскерилерімен қақтығыста қаза тапқан палестиналықтардың саны 59-ға жетті. Қатарында газға уланған 8 жасар қыз бар. 2 мыңнан астам адам жарақат алған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады, деп жазады 24.

Бұған дейін 55 жанның көз жұмғаны туралы жарияланған еді.

Бас көтеруге Иерусалимде АҚШ елшілігінің ашылуы түрткі болды. Газаның қауіпсіздік бекеті жанына 30 мыңнан аса палестиналық жиналды. Ашуға булыққан олар жан-жағындағы мүліктерді жаппай қиратқан. Ал кейбіреулері Израиль әскерлеріне тас лақтыруда. Бұған қарсы жауап ретінде тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ бен қару қолданып жатыр.

 "Ондаған адам Израиль әскерилерінің қолынан қаза тапты. Бұл дегеніңіз соғыспен пара-пар. Осы ретте халықаралық қауымдастық палестиналықтарға қол ұшын беруге тиіс", - дейді палестиналық бас келіссөз жүргізушісі Саиб Орейкат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу