БҰҰ: Қақтығыстардан кейін босқындар саны 48 миллионға жетті

762

Адам құқығының сақталуын қамтамасыз ету қиындай түсуде.

БҰҰ: Қақтығыстардан кейін босқындар саны 48 миллионға жетті

Әлемдік қақтығыстардың салдарынан жер аударған адамдардың саны 48 миллионға жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz БҰҰ өкілі Сесилия Хименес-Дамаридің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Бұл рекордтық көрсеткіш. 

"Қарулы қақтығыстар мен зорлық-зомбылық салдарынан өз жерлерінен кетуге мәжбүр болған адамдардың саны әлемде 48 миллионға жетті, бұл бұрын-соңды тіркелмеген ең жоғары көрсеткіш. Қарулы қақтығыстар мен жаппай зорлық-зомбылықтың көбеюі кезінде халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқығының сақталуын қамтамасыз ету қиындай түсуде", – деді ұйым өкілі. 

Хименес-Дамаридің айтуынша, әлемдегі қақтығыстар пен зорлық-зомбылықтың өршуіне табиғи апаттар мен 2020 жылы басталған пандемия әсер етіп отыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу