Қала әкімдігі әуежайды сатуда заңсыздыққа барған

791

Шымкент әуежайын сату туралы аукцион тағы да тоқтатылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Қала әкімдігі әуежайды сатуда заңсыздыққа барған

Онлайн сауданың өтпеуіне бұл жолы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті себеп болды.

Монополияға қарсы мекеменің хабарлауынша әуежайды сатуда қала билігі бәсекелестік туралы заң талаптарын сақтамаған.

Мәселен, әкімдік белгілеген шарт бойынша ескі терминалды сатып алушы 6 гектар жерді жаңа терминал салып жатқанның меншігіне беруі керек.

Бұл – бір компанияға жеңілдіктер береді деп есептеледі. Сол себепті аукцион тоқтатылған.

Айтып өтейік, әкімдік әуе айлағын 5,7 млрд теңгеге бағалап 2 жыл бұрын сатуға шығарған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу