Оқиға АҚШ-тың Флорида штатындағы Тампа қаласында болған.
Қала мәэрі Джейн Кастор балық аулап жүріп 30 келіден астам кокаин тауып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Tampa Bay Times газетіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қала мәэрі отбасымен Атлант мұхитына балыққа шыққанда су бетінде қалқып жүрген пакетті байқаған. Джейн Кастор көп жыл бойы полицияда жұмыс істегендіктен пакет ішінде есірткі екенін бірден білген.
Мэр табылған есірткі туралы жағалау күзетіне хабарлаған.
Белгілі болғандай, қаптан құны 1,1 миллион доллар болатын есірткі табылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу